п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 291
Плохо - 53
Хорошо - 37
Так себе - 35
Затрудняюсь ответить - 25
Всего проголосовало: 441
Смотреть результат
Статистика посещений
За год69517
За месяц4485
За неделю861
Вчера168
Сутки4
Все
Байшокенова Салтанат Аманжановна
Байшокенова Салтанат Аманжановна

.Байшокенова Салтанат Аманжанқызыинформатика  пәнінің мұғалімі, біліктілігі бірінші  деңгейдегі жоғары санатты маман.

Туған жылы: 01.01.1978

Ұлты: қазақ

Еңбек өтілі: 18жыл

Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 18жыл

Оның ішінде осы білім мекемесінде: 1-шіжыл

Білімі: жоғары, Қарағанды Мемлекеттік университетінің физика факультетін 1998жылы бітірген.

Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық  шеберлік орталығы әзірлеген «Информатика мұғалімдерінің пәндік құзіреттерін дамыту» біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 сағаттық академиялық сағат көлемінде курсын аяқтады. (2021 жыл, № 179b07580

Марапатталуы:

Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хаты, 2018ж;       

Қарағанды облысы «Болашақ» академиясы  Алғыс хат,2021 ж;

Профессор О.Сыздықов атындағы инновациялық технологиялар орталығының сертификаты -2020ж;

Қазақстан Республикасы БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институты сертификаты -2017 жыл;

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Балдәурен»Республикалық оқу- сауықтыру орталығы «Оқу – тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы көптілді білім беруді жүзеге асыру» атты Республикалық семинар –практикум –сертификат,2019 жыл;

«ProfessionalDevelopmentCentre»2017 жылдың 4 қыркүйегі мен 2018 жылдың 26 маусым аралығында Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламасы – сертификат, 2018ж;

Cambridge English Placement Test  - сертификат С1 деңгей, 2018 ж;

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығы  -Диплом,2018ж

  Байшокенова Салтанат Аманжановна  информатика  пәнінен дәріс береді. Өз мамандығын жетік меңгерген. Әр сабағына үлкен жауапкершілікпен әзірленіп, оқушыларына жан – жақты білім беруде.

Салтанат Аманжановна  үнемі әріптестерімен өз білгенін бөлісіп отырады.

         Әр сабағында демонстрация көрсетіп, АКТ оқыту құралдарын қолдану жақсы жолға қойған. 2018 оқу жылынан бастап  информатика  пәні бойынша  ағылшын тілінде сабақ беруде.

         Байшокенова Салтанат Аманжановна   ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым маман. Салтанат Аманжановна заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті маман.

Өскембекова Алтын Жұматайқызы
Өскембекова Алтын Жұматайқызы

1945 жылы 4 сәуірде Қарағанды –Сұрыптау станциясында туылған. 1967 жылы Қарағанды пединститутында физика-математика факультетінде дәріс алып, физика және математика пәндері  мұғалімі мамандығын алып шықты. 1952 жылы Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы №77 аралас орта мектебінің табалдырығын аттады. 1960 жылы Жаңаарқа ауданы орталығына көшіп келіп, №161 қазақ орта мектебін 1962 жылы үздік бітіріп, сол жылы Қарағанды педагогикалық институты физика-математика факультетінің физика-химия бөліміне қабылданды. 1967 жылы ҚарПИ-ді бітіріп, Жаңаарқа ауданына жолдамамен келді. 1967 жылы 16 тамызында теміржол торабына қарасты №160 орыс мектебіне физика-химия пәнінің мұғалімі болып орналасты. 1981-1983 жылдары осы мектепте мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы қызметін атқарды. 1991 жылдан бастап 2003 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Алтын Жұматайқызы №132 орта мектебінде 2011 жылға дейін үзіліссіз тура 44 жыл қызмет атқарды. Оқушыға сапалы білім беруді алдына мақсат етіп қойған ұстаз алдынан дәріс алған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқаруда. Медицина саласында Пакистанда Бессонов В, Ресейде Примаков А, өз елімізде Астана қаласында Хамитова М.М.Ұстаз еібегі өлшеусіз екені даусыз. Дегенмен әр жылдарда төмендегідей марапаттауларға ие болды.«Еңбек ардагері» медалі, 1988ж.

«Тың игеруші» медалі, 1980ж.ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», 2003ж. Аудан әкімінің  «Құрмет грамотасы», 2002ж.,2007ж.

Ерденова Зәкия Мәсәлімқызы
Ерденова Зәкия Мәсәлімқызы

1940 жылы 22 шілдеде Көкшетау облысы Щучинск қаласында туылған.

1962 жылы шет тілдері  институтын   бітіріп, неміс тілі пәнінің  мұғалімі мамандығына ие болған. Аудан бойынша ең бірінші шет тілінің маманы болып келген қазақ қызы. 1962 жылдың 5 тамызынан зейнеткерлікке шыққанға дейін  №132 орта мектебінде неміс тілі пәнінің  мұғалімі болып еңбек еткен.

Еңбек өтілі – 43 жыл

2002 жылы зейнеткерлікке шығып, 2005 жылға дейін осы мектепте еңбек етті. Марапаттаулары:«За трудовую доблесть»  медалі, 1970ж.«Победитель соцсоревнования» медалі, 1976ж.«Почетная грамота МПС»- Целинной желдороги

«Халық ағарту ісінің озық қызметкері»- 1978ж.«Отличник нородного просвещения»  медалі,  1976ж.«Еңбек ардагері»  медалі, 1984ж.

Казниязова Несіп Қажмағанбетқызы
Казниязова Несіп Қажмағанбетқызы

1947 жылы 19 сәуірде Жаңаарқа ауданында туған. Мектепті 1965 жылы бітіріп, 1969 жылы Қазақ Қыздар пединститутын  орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің  мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1969 жылы еңбек жолын  Талдықорған облысы, Киров ауданы, Айнабұлақ станциясының орыс мектебінде мұғалім болып бастаған.

1976 жылы туған ауылына оралып, еңбек жолын Н.К. Крупская атындағы орта мектебінде жалғастырған.

1976 жылдың тамыз айына дейін аудандық оқу бөлімінде әдіскер болып жұмыс атқарған.

1978 жылдың қыркүйек айынан бастап №132 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің    мұғалімі  болып еңбек етті. 2000 жылы зейнеткерлікке шықты.

Марапаттаулары:Тың темір жолы басқармасының Құрмет грамотасы,1985 ж.

Аудандық оқу бөлімінің Құрмет грамотасы,1988ж.

Пономаренко Анна Александровна
Пономаренко Анна Александровна

15.02.1936 жылы Украинада Донецк облысында туған. 1944 жылы мектепке барады, 7 сыныптан бастап  Жаңаарқа станциясындағы №69/ №160  мектепте оқыды.Мектепті бітіргеннен кейін сол кездегі мектеп директоры Павленко Л.И. мұғалімдікке деген  қырын байқап  төменгі сыныптарға дәріс беруші есебінде жұмысқа алады. Осыдан кейін Анна Александровна Абай атындағы педучилищеге оқуға түседі. Оны бітіргеннен кейін ҚарМУ-ден  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шығады. Осыдан бастап жоғары сыныптарға дәріс бере бастады. Жұмысқа деген ерекше құлшынысын байқаған сол кездегі мектеп директоры К.Хасенов оған бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі лауазымын сеніп тапсырды. Пономаренко А.А.өз уаұытында партия, комсомол ұйымдары жұмыстарына белсене араласты. Оның осы еңбегі елеусіз қалған жоқ. «Педагогикалық шеберлігі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен теміржол тарапынан, мектеп әкімшілігі тарапынан көптеген марапаттауларға ие болды. Анна Александровна жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қоақан ұстаздар санатында көп еңбек сіңірді.

Иванова (Пантелеева Нина Алексеевна)
Иванова (Пантелеева Нина Алексеевна)

Самара қаласында (бұрынғы Куйбышевский) физика-математика факульттінде оқыған. 1977 жылы арнайы жолдамамен біздің ауданға келген. 1987 жылға дейінгі аралықта №132 орта мектебінде жұмыс істеді. Аздаған уақыт тәрбие жұмысын ұйымдастырушы лауазымын да атқарды.

Лебедева-Халлик Алевтина Александровна
Лебедева-Халлик Алевтина Александровна

1936 жылы Уфа қаласында туған. Жетіжылдық мектепті бітіріп 1953 жылы Уфа кітапхана техникумына оқуға түседі. Комсомолдық жолдамамен тың игеру жұмыстарына жіберіліп, Атасу поселкесіндегі балалар кітапханасына орналасады. 1962 жылы теміржол бөлімшесінің сұранысымен техникалық кітапханаға ауысады. 1964-69 жылдар аралығында Алматыда пединститутта сырттай оқып жоғары білім алып шығады.  1974 жылдан бастап №132 орта мектебінде технология пәнінен зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. 2002 жылы Германияға көшіп кетті.

Халлик Наталья Германовна
Халлик Наталья Германовна

1959 жылы Атасу поселкесінде туған. Орталау мектепті бітіргеннен кейін Жезқазған педтехникумына оқуға түсті. 1978 жылы оны бітіріп мектепке орналасты. Содан 2002 жылға дейін қызмет атқарды. 

Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Алашбаева Баян Әліпбекқызы

1961 жылы 25 қазан күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.Қаражал қаласының № 1 мектеп табалдырығын 1968 жылы аттады.1978 жылы № 132 орта мектебін тәмамдаған.1987 жылы Жезқазған педагогикалық институтының география          биология        факультетіне түсіп,1987 жылы бітіріп шықты. 1987-2005 жылдары Н.К.Крупская мектебінде қызмет атқарды.2005 жылдан бастап № 132 орта мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі және география пәнінің мұғалімі болып істейді.Оқушыларға сапалы білім беру үшін әртүрлі әдістерді қолданады, дәстүрлі емес сабақтарды да өткізеді.Қазіргі заман талабына сай  ұстаз ретінде әртүрлі технологияны қолданады. 1993 жылдан бастап өзі қызмет атқарған мектептерде  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін жемңсті атқарып келеді. Мектеп,аудан көлеміндегі семинар, курстарға белсене қатысып, баяндамалар жасаған. Жоғары санатты мұғалім. Облыстың , ауданның  саяси өміріне белсене қатысады. Жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін 1998 жылы облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, ауданның  әлеуметтік экономикалық дамуы мен мәдениетін өркендетуге  қосқан  ерекше еңбегі,жоғары кәсіптік шеберлігі  және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін бірнеше мәрте аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.2005 жылы «Өз мамандығының үздігі» белгісі мен сертификатпен марапатталды. 2007 жылы «География пән мұғалімінің үздігі» болды.2011 жылы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ географиялық қоғам»бірлестігінің облыстық  пән олимпиадасына  11 сынып оқушысы Е.Қошанды дайындағаны үшін Алғыс хатпен  марапатталды.Оқушылары облыстық,аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, солардың ішінде «Сарыарқа дарыны», «Біз біргеміз!» У Форумының  «Үздік жоба» иегері 2012 жылғы мектеп түлегі Қошан Ерасылды, 2004 жылы «Арал тағдыры балалардың көзімен»халықаралық конференцияда ғылым  жұмыс бойынша  2 орын иеленген Жумадильдин Ануарды атауға болады.

Малахова Мария Владимировна
Малахова Мария Владимировна

1969 жылы Атасу поселкесінде туған. 1977 жылы №132 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданады. 1987 жылы осы мектепті бітіріп Жезқазған педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқуын аяқтап Н.К.Крупская атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасады. 1992 жылы №132 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысады. 2006 жылы еңбектен қолын үзбей жүріп ҚарМУ-ді бітіріп жоғары білім алып шықты. Шәкірт тәрбиелеудегі еңбектері еленіп облыстық, аудандық марапаттаулармен мадақталды.   

Смағұлов Бауыржан Әбушахманұлы
Смағұлов Бауыржан Әбушахманұлы

 1959 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде  дүниеге келді.Әкесі Смағұлов Әбумахман мұғалім, анасы Әбілжанова Қалима дүкенші болып жұмыс істеген.1966 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы орта мектептің 1сыныбына барып осы мектепті 1976 жылы бітірген.1976 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтына түсіп, оны 1981 жылы бітіріп ағылшын және неміс тілдері мұғалімі мамандығын алды.Институтты  бітіргеннен кейін Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды.1982 жылдың мамырынан 1983 жылдың желтоқсан айына дейін  әскер қатарында болды.1983 жылдың желтоқсан айынан бастап С.Сейфуллин орта мектебінде мұғалімдік жұмысымды жалғастырды.1985-1991 жылы С.Сейфуллин орта мектебінде директордың тәрбие ісі орынбасары, 1991-1996 жылы директордың оқу ісі орынбасары, 1996-2005 жылы С.Сейфуллин орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылы Н.К.Крупская орта мектебінде мектеп директоры тәрбие ісі орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдың

 1-қыркүйек айынан №132 орта мектебінде мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.Тапсырмаларды табысты орындағаны үшін 2003 жылы Облыстық білім департаментінің Құрмет Грамотасымен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тест орталығының «Алғыс хатымен», 2001, 2010 жылдары Аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен 2001, 2010 жылдары Аудандық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. 2012 жылы Облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мияшева Айман Мияшевна
Мияшева Айман Мияшевна

      Мияшева Айман Мияшевна

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

Жезқазған педагогикалық институтының орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қарағанды мемлекеттік университетінің  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  мамандығы  бойынша бітірген, жоғары санатты маман, еңбек өтілі 29 жыл.

Айман Мияшевна Б.Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  1989  жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі және  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып  қызмет  атқарып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап № 132  жалпы орта білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Осы уақыт аралығында өзін білікті маман, мықты тәрбиеші ретінде көрсете білді.  Оқу-тәрбие жұмысы кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өте талапшыл, сабақтарын жақсы деңгейде өткізеді.  Кәсіби білімін жетілдіре отырып, жаңа заман талабына сай шәкірт дайындап шығару мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты. Мектеп басшысы ретінде Айман Мияшевна үнемі білімін жетілдіріп отырады, атап айтсақ:

-          2017 жылы Қарағанды қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында  «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.

-          2015 жылы халықаралық kopilkaurokov.ru сайтында «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын технологиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы сабақ әзірлемесі жарияланды;

-           2016 жылы Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық  мерей тойына байланысты «Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» конференциясына қатысып, республикалық жинаққа Ә.Бөкейханұлы  туралы мақаласы жарияланды.

-           2016 жылы республикалық педагогикалық «Мектеп ұстаздарының әлемі» журналына «Әлиханды білесің бе?» мақаласы жарияланды № 3 

         Қарағанды облысының білім басқармасының  білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі  мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткзіп, біліктілік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды, 2014ж

        Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында да тың ізденістермен тынымсыз жұмыс жасайды. Соның нәтижесі, еңбегінің жемісі – оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, сайыстарда жүлделі орындарда көрініп жүр.

 Ұстаз еңбегінің жемісі- шәкірті десек, соның айғағы ретінде Айман дәріс беретін  10 сынып оқушысы Кифель Дмитрий 2015-2016 оқу жылында облыстық пәнаралық  олимпиадасынан  ІІІ орынға ие болса, 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен  11 сынып оқушысы Кифель Дмитрий  тағы да  ІІІ орынды иеленді және  аудандық пәнаралық  олимпиадада 8 сынып оқушысы  Василенкова Анастасия  І орынға ие болды.

Сонымен қатар, өзінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлық қызметін  де жақсы атқарады.  Ұстаз мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

  Айман Мияшевна - әріптестерінің, ата-аналарының, оқушыларының арасында сыйлы, құрметті, еңбекқор ұстаз. Өзіне тапсырылған әрбір жұмысты тыңғылықты атқарады. Ұстаздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегінен әлі де талай толағай табыстарға жететініне сеніміміз мол.