Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 244
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 385
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда59500
Бір айда5070
Бір аптада926
Кеше84
Тәулік11
Әкімшілік
Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Алашбаева Баян Әліпбекқызы

1961 жылы 25 қазан күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.Қаражал қаласының № 1 мектеп табалдырығын 1968 жылы аттады.1978 жылы № 132 орта мектебін тәмамдаған.1987 жылы Жезқазған педагогикалық институтының география          биология        факультетіне түсіп,1987 жылы бітіріп шықты. 1987-2005 жылдары Н.К.Крупская мектебінде қызмет атқарды.2005 жылдан бастап № 132 орта мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі және география пәнінің мұғалімі болып істейді.Оқушыларға сапалы білім беру үшін әртүрлі әдістерді қолданады, дәстүрлі емес сабақтарды да өткізеді.Қазіргі заман талабына сай  ұстаз ретінде әртүрлі технологияны қолданады. 1993 жылдан бастап өзі қызмет атқарған мектептерде  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін жемңсті атқарып келеді. Мектеп,аудан көлеміндегі семинар, курстарға белсене қатысып, баяндамалар жасаған. Жоғары санатты мұғалім. Облыстың , ауданның  саяси өміріне белсене қатысады. Жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін 1998 жылы облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен, ауданның  әлеуметтік экономикалық дамуы мен мәдениетін өркендетуге  қосқан  ерекше еңбегі,жоғары кәсіптік шеберлігі  және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін бірнеше мәрте аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.2005 жылы «Өз мамандығының үздігі» белгісі мен сертификатпен марапатталды. 2007 жылы «География пән мұғалімінің үздігі» болды.2011 жылы облыстық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ географиялық қоғам»бірлестігінің облыстық  пән олимпиадасына  11 сынып оқушысы Е.Қошанды дайындағаны үшін Алғыс хатпен  марапатталды.Оқушылары облыстық,аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, солардың ішінде «Сарыарқа дарыны», «Біз біргеміз!» У Форумының  «Үздік жоба» иегері 2012 жылғы мектеп түлегі Қошан Ерасылды, 2004 жылы «Арал тағдыры балалардың көзімен»халықаралық конференцияда ғылым  жұмыс бойынша  2 орын иеленген Жумадильдин Ануарды атауға болады.

Смағұлов Бауыржан Әбушахманұлы
Смағұлов Бауыржан Әбушахманұлы

 1959 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде  дүниеге келді.Әкесі Смағұлов Әбумахман мұғалім, анасы Әбілжанова Қалима дүкенші болып жұмыс істеген.1966 жылы Жаңаарқа ауданының В.И.Ленин атындағы орта мектептің 1сыныбына барып осы мектепті 1976 жылы бітірген.1976 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтына түсіп, оны 1981 жылы бітіріп ағылшын және неміс тілдері мұғалімі мамандығын алды.Институтты  бітіргеннен кейін Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды.1982 жылдың мамырынан 1983 жылдың желтоқсан айына дейін  әскер қатарында болды.1983 жылдың желтоқсан айынан бастап С.Сейфуллин орта мектебінде мұғалімдік жұмысымды жалғастырды.1985-1991 жылы С.Сейфуллин орта мектебінде директордың тәрбие ісі орынбасары, 1991-1996 жылы директордың оқу ісі орынбасары, 1996-2005 жылы С.Сейфуллин орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылы Н.К.Крупская орта мектебінде мектеп директоры тәрбие ісі орынбасары қызметін атқарды. 2006 жылдың

 1-қыркүйек айынан №132 орта мектебінде мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.Тапсырмаларды табысты орындағаны үшін 2003 жылы Облыстық білім департаментінің Құрмет Грамотасымен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тест орталығының «Алғыс хатымен», 2001, 2010 жылдары Аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен 2001, 2010 жылдары Аудандық білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. 2012 жылы Облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мияшева Айман Мияшевна
Мияшева Айман Мияшевна

      Мияшева Айман Мияшевна

директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

Жезқазған педагогикалық институтының орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қарағанды мемлекеттік университетінің  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  мамандығы  бойынша бітірген, жоғары санатты маман, еңбек өтілі 29 жыл.

Айман Мияшевна Б.Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  1989  жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі және  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып  қызмет  атқарып, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап № 132  жалпы орта білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Осы уақыт аралығында өзін білікті маман, мықты тәрбиеші ретінде көрсете білді.  Оқу-тәрбие жұмысы кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Өте талапшыл, сабақтарын жақсы деңгейде өткізеді.  Кәсіби білімін жетілдіре отырып, жаңа заман талабына сай шәкірт дайындап шығару мұғалімнің алдына қойған басты мақсаты. Мектеп басшысы ретінде Айман Мияшевна үнемі білімін жетілдіріп отырады, атап айтсақ:

-          2017 жылы Қарағанды қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында  «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан өтті.

-          2015 жылы халықаралық kopilkaurokov.ru сайтында «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ойын технологиясын тиімді пайдалану» тақырыбындағы сабақ әзірлемесі жарияланды;

-           2016 жылы Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық  мерей тойына байланысты «Алаш мұраты және тәуелсіз Қазақстан» конференциясына қатысып, республикалық жинаққа Ә.Бөкейханұлы  туралы мақаласы жарияланды.

-           2016 жылы республикалық педагогикалық «Мектеп ұстаздарының әлемі» журналына «Әлиханды білесің бе?» мақаласы жарияланды № 3 

         Қарағанды облысының білім басқармасының  білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі  мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткзіп, біліктілік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды, 2014ж

        Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында да тың ізденістермен тынымсыз жұмыс жасайды. Соның нәтижесі, еңбегінің жемісі – оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, сайыстарда жүлделі орындарда көрініп жүр.

 Ұстаз еңбегінің жемісі- шәкірті десек, соның айғағы ретінде Айман дәріс беретін  10 сынып оқушысы Кифель Дмитрий 2015-2016 оқу жылында облыстық пәнаралық  олимпиадасынан  ІІІ орынға ие болса, 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен  11 сынып оқушысы Кифель Дмитрий  тағы да  ІІІ орынды иеленді және  аудандық пәнаралық  олимпиадада 8 сынып оқушысы  Василенкова Анастасия  І орынға ие болды.

Сонымен қатар, өзінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлық қызметін  де жақсы атқарады.  Ұстаз мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

  Айман Мияшевна - әріптестерінің, ата-аналарының, оқушыларының арасында сыйлы, құрметті, еңбекқор ұстаз. Өзіне тапсырылған әрбір жұмысты тыңғылықты атқарады. Ұстаздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегінен әлі де талай толағай табыстарға жететініне сеніміміз мол.