Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 251
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 392
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда64152
Бір айда7266
Бір аптада1989
Кеше235
Тәулік41
Әлеуметтік педагог, психологтар, дефектолог, логопед және мектеп тәлімгері
Шакенов Айбол Төлеубайұлы
Шакенов Айбол Төлеубайұлы

Мен Шакенов Айбол Төлеубайұлы 14.08.1985 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында тудым.

1988-1990 жылдарда ауылдағы бала-бақшада, 1990-1991 жылдарда Жаңаарқа орталау мектебінде даярлық сыныбында оқыдым.

1991 жылы ауылдағы Жаңаарқа орталау мектебінде1-сыныпқа қабылдандым.

2000  жылы Жаңаарқа орталау мектебінің 9-сыныбын бітірдім.

2000-2001 ж Ю.А. Гагарин мектебінде 10-сыныпты оқып, 2002 ж С. Сейфуллин атындағы орта мектебін бітіріп шықтым.

2002-2003 ж аралығында «Зекен» шаруақожалығында жұмыс істедім.

2003-2007 ж аралығында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің педагогика және психология мамандығын оқып, бітіріп шықтым.

2007 жылдың 6 желтоқсаныңда С. Сейфуллин атындағы орта мектебіне педагог-психолог болып жұмысқа тұрдым.

2008 жылдың 21 сәуірінде әскер қатарына шақырылып, 2008-2009 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы ҚР Әуе Қорғанысы Күштерінің 78639 әскери бөлімінде азаматтық борышымды өтедім.

2009 жылдың 24 сәуірінен бастап қайтадан өзім жұмыс істеген С. Сейфуллин атындағы орта мектебіне педагог-психолог болып қызметіме кірістім.

2015-2017 ж аралығында  Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің денешынықтыру және спорт мамандығын оқып, бітіріп шықтым.  

Дәл қазіргі уақытқа дейін осы мектепте педагог-психолог болып қызмет атқарып келемін.

Cәбит Индира Ғалымжанқызы
Cәбит Индира Ғалымжанқызы

1997жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

Ұлты: қазақ

2014 жылы   Амалбеков атындағы ЖОББМ орта мектебінің 11 сыныбын бітірген.

2018 жылы «Е.А Бөкетова атындағы Қарағанды уневерситетін» , 2018 жылы тәмамдаған

Білімі: Жоғары

2018 жылдан бастап Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінеде педагог дефектолог болып қызмет атқарады.

Мекен жайы:Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы, Ералиева 22/8

 Жұмыс өтілі: 3 жыл.

Туткушева Дурия
Туткушева Дурия

 19.09.1976 жылы  Қарағанды облысы,Жаңа арқа ауданында дүниеге келген. 1993жылы Жаңа арқа ауданы В.И.Ленин атындағы  орта мектебін бітірген. 1993-1996ж. Қарағанды Банк колледжін  «Банк қызметкері» мамандығы бойынша оқып аяқтаған. 2018ж. Қарағанды қаласы «Болашақ» университетін «Педагогика және психология» факультетін аяқтаған. 2018ж  Қарағанды  қаласында  «Дарынды бала» балабақшасында жұмыс  атқарған. 2019жылдан бастап  С.Сейфуллин атындағы  ЖББ мектебінде «Педагог-психолог»  маман ретінде жұмыс жасауда.

Арунов Марат Ануарович
Арунов  Марат Ануарович

Фамилиясы, аты, әкесінің аты:Арунов  Марат Ануарович

Туған жылы:09.01.1963

Ұлты:Қазақ

Білімі, мамандығы:  Жоғарғы,  денешынықтыру  пәнінің  мұғалімі.

Педагогік стажы:33 жыл

Жұмыс өтілі:33 жыл

                             Жұмыс орны, атқаратын қызметі:«С.Сейфуллин  

                              атындағы  ЖББМ» КММ, денешынықтыру  пәні мұғалімі.   

         Арунов  Марат Ануарович дене шынықтыру  пәнінің  мұғалімі   болып қызмет атқарады. Марат  мұғалім  өз пәнін  жете меңгерген білімді ұстаз.Мұғалім жаңа оқу тәрбие әдістерінен хабардар болып қана қоймай оны шығармашылықпен қолдана біліп, өзінің іс-тәжірибесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Соның нәтижесінде  ҚР Нұр Отан  партиясының  Алғыс хатымен 2016 ж,  Аудан  әкімінің Алғыс хаты 2018 ж, Аудандық жарыстан тоғызқұмалақтан 1 орын  2018 ж, «Ең үздік дойбышы» турнирінде 2 орын 2015 ж, Ұлы жеңістің 70 жылдығына байланысты тоғызқұмалақтан 3 орын 2015 ж, Нұр Отан аудандық филиалының марапаты 2016 ж, Аудандық  тоғызқұмалақ турнирінде  2 орын 2018 жылы грамотасымен  марапатталған. Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, өз мамандығын сүйе білген ұстаз оқушылар жанынан орын таба білуде. Сабақ процесінде өткізгенде  сабақтың тәрбиелік мақсатына көп көңіл бөледі.

       Марат Ануарович    педагогикалық қызметінің нәтижесін оқушыларының жетістігінен көруге болады. Атап айтатын болсақ  ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген жалпы білім беретін мектеп және мамандандырылған мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан облыстық спартакиада Қасым Айым, Қызбалин Әділжан, Қасымова  Гүлім  2 орын 2016 жыл, Тоғызқұмалақтан   Қарағанды  облысының жастар арасындағы чемпионатындағы Қасым Айым 2017 жыл, Тоғызқұмалақтан Қарағанды облысының командалық чемпионатында Балағазина Ділназ 3 орын 2018 жыл, Республикалық «Sport  FEST  Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық  іріктеу ойындары тоғызқұмалақ жарысынан Балағазина Ділназ 2 орын 2019 жыл, Дәстүрлік  ХV аудандық оқушылар спартакиадасы аясында Дойбыдан өткен жарыста мектеп командасы 1 орын 2015 жыл, XVI  аудандық спартакиада Дойбыдан 1 орын 2016 жыл, 22 наурыз мейрамы құрметіне арналып дойбыдан өткен аудандық жарыста Төлеутай Гүлсая 1 орын, Көшкенова Зарина  2 орын  2018 жыл,  Дәстүрлі ХV аудандық оқушылар спартакиадасы  аясында Тоғызқұмалақтан өткен жарыста командалық 1 орын 2015 жыл, Дәстүрлі XVI оқушылар спартакиадасында Тоғызқұмалақтан  командалық 1 орын 2016 жыл, Дәстүрлі XVII аудандық оқушылар арасындағы спартакиада тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2018 жыл, ХІХ спартакиада аясында  Тоғызқұмалақтан командалық 1 орын 2019 жыл, 30 тамыз ҚР Конституция күніне арналып өткізілген жеңіл тактикалық кроста Д.Байтұрсынов 1 орын 2018 жыл, 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне арналған Тоғызқұмалақ жарыстан  Балағазина  Ділназ  1 орын  2019 жыл,  Тоғызқұмалақтан  2007-2008 жылғы туғандар арасында өткен аудандық біріншілікте  Бабажан Анель 1 орын 2017 жыл, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған Тоғызқұмалақтан жекелей чемпионатта Балағазина Ділназ 1 орын  2018 жыл, Жаңаарқа ауданының жекелей біріншілігінде  Тоғызқұмалақтан Бабажан Аружан 2 орын, Қасым Нұрай 3 орын 2017 жыл, Аудандық дәстүрлі оқушылар спартакиадасы аясында өткізілген Дойбы жарысында мектеп командасы 3 орын иеленді 2020 жыл, Асық атудан өткізілген аудандық жарыста Жаманов  Нариман 2 орын 2018 жыл, Тоғызқұмалақтан өткен аудан біріншілігінде  Аукеев  Данияр  2 орын 2018 жыл,  Футбол  жарысында Боранқұл Мадияр 3 орын 2019  жыл, Футболдан облыстық  спартакиада аясында Искакова Айым 2 орын 2018 жыл грамотасымен марапатталған.     

         Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Жаңаарқа газеттеріндегі және журналдардағы мақалалары жарық көрді.

          Арунов Марат Ануарович оқушыларға білім беру мен тәрбие беруде жауапкершілігі мол  және елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершіліктің жүктелгенін бүгінде нақты сезінген ұстаз деп білеміз.  

МАНАНБАЕВА САЙРАНГҮЛ СҰЛТАНҚЫЗЫ
МАНАНБАЕВА САЙРАНГҮЛ  СҰЛТАНҚЫЗЫ

1991 жылы 16 желтоқсанда Алтай аймағы, Қобда ауданында дүниеге келген.

2009 жылы №2 Аршалы орта мектебін бітірген.

2013 жылы Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті, әлеуметтік-педагогикалық  факультеті, «дефектология» мамандығын бітірген.

2014 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданының ішкі істер бөлімінде еңбек жолын бастаған.

2015 жылы Астана қаласындағы «Қасиетті жол» оңалту орталығында дефектолог-логопед  боп қызмет атқарды.

2020 жылдан бастап С.Сейфуллин ат. ЖББМ логопед-мұғалімі боп қызмет атқарып жатыр.