Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің білім беру ұйымдары

bilim@zhanaarka.gov.kz
пос.Атасу, ул.Абая 37
8 (71030) 2 74 98
Телефон доверия 29133
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 218
жаман - 48
жақсы - 34
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 356
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда35033
Бір айда2912
Бір аптада1165
Кеше91
Тәулік4
Все
Конкашова Жангул Мырзахановна
Конкашова Жангул Мырзахановна

 

  1. Тегі, аты, әкесінің аты:Конкашова Жангул Мырзахановна
  2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:Жаңаарқа білім бөлімі, әдіскер, математика пәні мұғалімі
  3. Жынысы:әйел
  4. Туған жылы және туған жері:08.04.1980ж, Жаңаарқа ауданы
  5. Білімі:жоғары
  6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: -
  7. Мекен- жайы: Жаңаарқа ауданы, Жолкен Дүйсенов – 7үй, 6 пәтер.
  8. Жалпы жұмыс өтілі: 18 жыл
  9. Саладағы жұмыс өтілі: 18 жыл
  10.  Қазіргі ееңбек  ұжымындағы жұмыс өтілі: 2 жыл
  11.  Марапатталушының нақты негізгі еңбегін көрсететін мінездемесі:

 

Конкашова Жангул Мырзахановна 08.04.1980жылы Жаңаарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин(Ынтымақ) ауылында туған. 1997жылы Ынтымақ орта мектебін бітіріп, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «математика» мамандығы бойынша оқуға түсіп, жоғары білім алды. 2002 -2004 жылдары Жаңаарқа ауданы, Бидайық орта мектебінде математика пәні мұғалімі болып қызмет жасады.

2008 жылы жанұя жағдайына байланысты Ақтайлақ негізгі мектебіне келіп, жақсы жұмыс атқарғаны үшін, осы жылы оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2011 жылдан бастап Жаңаарқа ауданы, Б.Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін базасындағы тірек мектебінде (РО) қызмет етті.Сол кезден бастап өзінің ізденімпаздылығының арқасында ісін жетік білетін және пәнін сүйетін ұстаз ретінде көріне білді.

2012 жылы осы мектептің тәлімгері болып тағайындалды. Мектепте құрылған «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымымен бірлесіп жұмыс атқарды. Жаңашыл ұстаз. Өз еңбек жолында жаңа технологияларды пайдаланып, мәдени іс- шараларға белсене қатысады. «Инфоурок», «Ustaz.kz»сайттарында сабақтары мен материалдары жарияланды. Қоғамдық іс- шараларға белсене қатысқаны үшін «Дарынды оқушыға- талантты ұстаз» облыстық педагогикалық олимпиадасында «Педагог- ұйымдастырушы» номинациясы бойынша І орынға ие болып, дәл осы тақырыпта Республикалық деңгейде өткен олимпиададан марапатқа ие болды. Аудандық мұғалімдердің тамыз кеңесінде «Жаңа педагогикалық технологияны енгізуге бағытталған шығармашылық» еңбегі үшін мадақтамаға ие болды. 2016 жылы Облыстық ашық «Әдістемелік вернисаж» фестивалінде «Үздік презентация» байқауының «Оқыту сабағы» номинациясы бойынша ІІІ орын дипломымен марапатталды. 2017 жылы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми- практикалық орталығы, республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңіне оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алғыс хатқа ие болды. 2018 жылы оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдиниет» оқушылар арасында өткен облыстық шығармашылық конкурсына оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат. 

2019 жылы Білім басқармасының «Ауыл- қала» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырған семинарда Сертификатқа ие болды. 2019 жылы Халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, үздік математик Бименде Амалбеков атындағы облыстық математикалық олимпиадасында, білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми- практикалық орталығы Алғыс хатпен марапаттады.2020 жылы «Математика» пәнінен Республикалық виртуалды олимпиадасында І дәрежелі диплом жүлдегері. 2020 жылы І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі диплом жүлдегері.

Оқушысы Орал Ерасыл: 2016 жылы облыстық «Clever»олимпиадасында математика пәнінен ІІ орын, 2017 жылы ҚР ШҒА ОҚБ 47-ші ғылыми- практикалық оқу- зерттеу жұмыстарының байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталады. 2017 жылы «Зерде» республикалық конкурстың облыстық кезеңінде ІІ орынға ие болды. 2017 жылы облыстық физика- математика пәндері бойынша XV аймақтық олимпиададан ІІ дәрежелі диплом. 2017 жылы республикалық интеллектуальдық «Кенгуру- математика» сайысында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы Халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, үздік математик Бименде Амалбеков атындағы облыстық математикалық олимпиадасында Сертификатқа ие болды. 2020 жылы «Жұлдызды математик» республикалық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұхамедин Ақылбек: 2018 жылы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми- практикалық орталығы ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінде ІІ орынмен марапатталды. 2019 жылы математик Ө.А. Жолдасбаев атындағы республикалық ғылыми жобалар сайысында Сертификатқа ие болды. 2020 жылы Кипоренко Иван «Жұлдызды математик» республикалық олимпиадасынан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жангүл Мырзахановна өз білімін  заман талабына сай жетілдіріп отырады. Қайта даярлау курстары, жаңартылған білім мазмұнының курсы, деңгейлік курстардың бәрін оқып сертификатталған. Қарағанды қаласының педагогикалық шебер орталығында әдіскердің курсы мен Алматы қаласында кітапханашылардың әдіскерлер курсын оқыды. Жангул Мырзахановна әріптестерінің жұмыстағы жеткен жетістіктерін үнемі насихаттап жүреді. Отбасында екі бала тәрбиелеп отырған ардақты ана.

Ибраева Макпал Жарылгаповна
Ибраева Макпал Жарылгаповна

Аудандық білім бөлімінің  бас  маманы  

Лауазымдық міндеті:

Орта білім беру және мектепке дейінгі мекемелерді мамандар мен педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етудің сапалық және сандық күйіне талдау жасайды. ҚР – дағы Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілер мен оқушылардың медициналық қаралуын қадағалайды. Аудандық білім бөлімінің жұмыстық жиынтығына сай кеңсе ісін жүргізілуіне басшылық жасайды. Білім қызметкерлерінің біліктілігін  бағалауын ұйымдастырады. ҚР-ның Еңбек кодексінің және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің және мұғалімдердің  әдеп кодексінің сақталуын қадағалайды, оған теңестірілген қызметкерлердің және кадр мәселесі бойынша басшылыққа ұсыныстар береді.  Білім мекемелеріндегі педагог қызметкерлерді аттестаттау және біліктілігін арттыруын , курсқа жіберу жұмыстарын ұйымдастырады . Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді.

Жауапты мектептер: Ю.Гагарин ЖООБМ, Қызылжар ЖОББМ, Ынталы ЖОББМ, Талдыбұлақ ЖОББМ, Кенжебай Самай БМ, №69 БМ,

Жомарт БМ Өз міндеттеріне сәйкес бөлімге келіп түскен хаттарға жауап беруге міндетті.

Беккожина Ляззат Аманжолқызы
Беккожина Ляззат Аманжолқызы

- Бас есепші

 

Жалпы бухгалтериядағы басшылық, банк документтерін қабылдап, тексеру. Айлық проводкаларды бақылау, бас кітапшаны жүргізу. Тоқсандық, жылдық отчеттарды, балансты  тапсыру.

 

Ахметова Кулян Маулетказықызы
Ахметова Кулян Маулетказықызы

- Материалдық есепші 

 

Мектептерге бөлінген көмірдің, электр жарығының, жанар майдың айлық орындалысын берілген лимиттен асырмауын қадағалау, оның есебін жүргізу және аға материалдық  есепшіге өткізу, есептеу және удан мектептерінің директорларынан, шаруашылық меңгерушілерімен, басқа да дүние мүліктерді инвентаризациялау.

Мамраева Жанбота Белгибекқызы
Мамраева Жанбота Белгибекқызы

- Есепші

 

Ынтымак ЖОББМ, №69 БМ, Жомарт БМ, Қараағаш БМ, Байғұл БМ, Манадыр БМ, Айнабулақ НОМ, №140 НОМ, №135 НОМ есепшісі

Мырзашева Айнагуль Боранбайқызы
Мырзашева Айнагуль Боранбайқызы

- Аға есепші

 

О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ, С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ, Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ, Ю. А. Гагарин атындағы ЖОББМ, № 132 ЖОББМ, Көктал ЖОББМ, Жаңаарқа ЖОББМ, Ақтау ЖОББМ есепшісі

Хасенова Жадыра Жумабаевна
Хасенова Жадыра Жумабаевна

- Аға материалдық есепші

 

Жағдайсыз жанұялар балаларына бөлінген қаржыны қадағалап, комиссия құрып, шығыстарын жүргізу. Интернат пен всеобучқа тамақ т. б. үшін аударылған қаржының есебін жүргізіп күнделікті  отчеттарын қадағалап, қабылдап алу. Мектептердегі 1-4 сынып оқушыларының тамақтануын бақылау. Барлық мектеп мүліктерін және т.б. шаруа мүккамалын қадағалап бас  есепшіге есеп беру.

Шайжанов Жанат
Шайжанов Жанат

 - Инженер

 

Аудандық білім беру мекемесінің компьютерлік техникаларын қадағалау,программаларды бақылап,жаңа  программаларды орнату  алу және " Мемлекеттік сатып алу" заңы бойынша порталға беру 

Қылышева Гульжахан Калисқызы
Қылышева Гульжахан Калисқызы

- Есепші

 

Ж.Сәдуақасов атындағы ЖОББМ, О. Әлібаев атындағы ЖОББМ, Қызылжар ЖОББМ, Ынталы ЖОББМ, Кенжебай-Самай ЖОББМ, Ақтайлақ НОМ, Талдыбұлақ ЖОББМ, Атасу ЖОББМ,Бидайық ЖОББМ, Актүбек  ЖОББМ есепшісі

Бекеев Нұрбек Хабылмажитұлы
Бекеев Нұрбек Хабылмажитұлы

 

Аудандық білім бөлімінің  бас маманы

Лауазымдық міндеті:

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтап, есепке алады, оларды отбасына немесе балалар үйіне орналастырады. Аудан әкімшілігіне, обл ББ – на тиісті құжаттар дайындайды. Қамқорлыққа берілген балалардың оқуы мен тәрбиесін, қамқорлыққа бала  алған адамдардың  өз міндеттерін орындауын қадағалайды. Жетім және ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды белгілеген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Жетім және қамқорлықтағы балалардың үйлерін сатуға ауырпалық салады. Өз міндеттеріне сәйкес бөлімге келіп түскен хаттарға жауап беруге міндетті. Қамқорлықта балалары бар отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексеруді ұйымдастырады. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді, балаларды мемлекеттік мекемелерге орналастырады.

Жауапты мектептер: №132 ЖОББМ, Б.Амалбеков ЖОББМ, Бидайық ЖОББМ,Түгіскен ЖОББМ, Айнабұлақ НОМ, Жаңаарқа НОМ, Қылыш БМ

Кәдірбаева Балдырған Серікқызы
Кәдірбаева Балдырған Серікқызы

 

Аудандық білім бөлімінің  бас маманы 

Лауазымдық міндеті:

Азаматтарға мектепке дейінгі тәрбие мен жалпыға міндетті орта білімнің берілуін жүзеге асырады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың жалпыға міндетті орта білім алуларын ұйымдастырады. Кешкі /ауысымды/ оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын  жалпы орта білім  беруді  қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді. Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады. Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді. Аудан ауқымында пән олимпиадаларын өткізуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие және  оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген тәртіп бойынша жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі және мектептен тыс білім мекемелерін құрылуын, қайта құрылуын, таратылуын, лицензиялануын, аттестаттаудан өтуін ұйымдастырады.

Өз міндеттеріне сәйкес бөлімге келіп түскен хаттарға жауап беруге міндетті.

 

Жауапты мектептер: О.Әлібаев ЖОББМ, Ақтүбек ЖОББМ, С.Сейфуллин ЖОББМ,№144 НМ,№140 БМ,Қарағаш ЖОББМ

Жакенов Марат Бөдеұлы
Жакенов Марат Бөдеұлы

 

Ауданның педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Жетекшілік ететін мәселесі бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандығы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогикалық қызметкерлердің оқу-әдістемелік құжаттамаларын (дидактикалық материалдарын, құралдардың типтік тізбелерін), семинарларды, озық тәжірибелі мектептердің жиналыстарын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Білім беру ұйымдары мен педагогтердің инновациялық және тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.

     Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек береді. Педагогтерге библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасауға көмек береді, оны аудан педагогтерінің, білім беру ұйымдары әдістемелік кабинеттерінің назарына жеткізеді.

     Оқыту мен тәрбие жұмысының озық технологиялары бойынша ақпаратты қорытындылайды және таратады. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, басшыларының анағұрлым нәтижелі тәрбиесін зерделейді, жүйелейді, қорытындылайды, мониторинг жүргізеді және таратады. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, жарыстарын өткізуге қажетті құжаттарды әзірлейді. Сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс. Аудан бойынша мүмкіндігі шектелген балалар дың базасын жасау. Мұғалімдердің деңгейлік курстарын оқылуын, олардың  курстарға баруын, курстардан өтуін  қадағалайды, педагогикалық шеберлік орталығы мен жұмыс жасау. Білім беру ұйымдарының оқытудың аудиовизуалдық, интерактивтік құралдарына қажеттілігін және педагогикалық деректер банкінің жай-күйін талдайды. Қажетті есеп беруді дайындайды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Тірек мектебі, инклюзивтік білім беру, «Жетекші мектеп», ШЖМ, инновациялық жұмыстар, жобаларға жауапты.

 Жауапты мектептері:О.Әлібаев ат.ЖОББМ, Жаңаарқа ЖОББМ,С.Сейфуллин ат. ЖОББМ

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы