Кәсіпорынның орналасқан жері: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Ә.Оспанова көшесі, 36/1 – ғимарат.
.
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 244
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 385
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда59395
Бір айда4209
Бір аптада497
Кеше118
Тәулік2
Басты бет

Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.  

   5 қараша 2021 жылы «Оқушыларүйі» КМҚК қызметкерлерімен Жаңаарқаауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қазыбеков Арман Казбекович мырза түсіндірме жұмыстарын өткізді. Оқытушылар мен оқушылардың төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттерді үйлестіруді, өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуымен таныстырды. Сонымен қатар, өрттің тек материалдық залал ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де үлкен қауіп тудыратынын түсіндірді.

   Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта оқушыларға жолда жүру ережелері туралы түсіндіріп, көрсетуге Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Оспанов Болат Акылбекович мырзаны шақырдық. Болат Ақылбекович балаларға түсіндірме жұмыстарын жасап, сұрақтарға жауап беріп, бағдаршам мен жаяу жүргінші жолынан өту жолдарын көрсетті.

     Оқушыларға  мұражайдың  таусылмас  қазына  екенін  ұғындырып,  өткен өмір  тарихын,  ескі  тарихын,  ескі  табиғи  заттардың   қадір-қасиетін,  өткен  мен  болашақты  жалғастырушысы  екенін  түсіндіру мақсатында Қаура Н.Ә. мен Маути А.Р. оқушыларымен Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи- өлкетану мұражайына барды.  
Мұражай 4 бөлімнен тұрады.
«Дара тұлғалар» залы
«Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» залы
«Жаңаарқа тарихы» залы
«Этнография» залы
   Мұражайды таныстырып, оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берген мұражай басшысы Шубаев Ерболат Берікұлы.