Ш. Ералиев ауылдық окргі
8710592-95-16, 29-610
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 291
жаман - 56
жай ғана - 41
жақсы - 40
жауап беруге қиналамын - 25
Барлығы дауыс берді: 453
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда65581
Бір айда2978
Бір аптада339
Кеше65
Мектеп туралы

«О.Әлібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ жайлы ақпарат

  Ш.Ералиев ауылында 1934 жылдан бастап бастауыш мектеп құрылды. Жиделі бастауыш мектебінде Хатпин Аманбай, Маркс бастауыш мектебінде Қошқаров көпжасар мұғалім болды. Мектеп меңгерушісі Байбатыров Бегұлы болды. 1952-1954 оқу жылында 7 жылдық мектеп болды. Осы уақыт аралығында мектеп директоры қызметін Әбдірейімов Әбдікәрім, 1954-1956 жж. Әбдірахманов Хамит, 1956-1959 жж. Күленов Әбілғазы атқарды. 1959-1963 жж. 8 жылдық мектеп болып, Әбдірахманов Хамит, 1963-1970 жж. Жуанышбаев Оспан, 1970-1973 жж. Күнашықов Мұқатай, 1973-1976 жж. Нығызбаев Жақсыкүн, 1976-1986 жж. Жуанышбаев Оспан, 1986-1993 жж. Бимендин Өзбек, 1993-1994 жж. Нығызбаев Жақсыкүн, 1995 жылдан бастап Әбікенов Нығымет  мектеп директоры қызметін атқарды.

1972-1973 оқу жылында Карл Маркс орта мектебі (10 жылдық) болды.

ҚР әкімшілік аумақтық бірліктердің атауларын ретке келтіру, атауларын өзгерту, қалпына келтіру тұжырымдамасына сәйкес аудан әкімінің №46А  28.02.1996 ж. шешімі негізінде Ш.Ералиев село әкімінің шешімі №9 6 сәуір 1996ж. Ш.Ералиев селосындағы  К.Маркс атындағы орта мектептің атауы  О.Әлібаев атындағы орта мектеп болып өзгертілді.

1999-2015 жж. Кемелов Оразбек, 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алин Досбол Ғалымұлы мектеп директоры қызметін атқарып отыр.

1990-1991 оқу жылында К.Маркс орта мектебін үздік бітіргендері үшін алтын медаль алған түлектер: Аханова Бақыт, Мұсабеков Ерсін. Сондай-ақ күміс медаль иегері: Рахымтаев Ерлан.

1993-1994 оқу жылында алтын медальмен бітірген: Мамбетова Сағыныш.

1995-1996 оқу жылында үздік аттестатқа бітірген: Уәлиева Әсем, Жетімекова Гауһар.

1997-1998 оқу жылында О.Әлібаев атындағы орта мектепті алғаш үздік аттестатқа бітіруші Қоңырова Жазира болды.

1998-1999 оқу жылында Қиғамбекова Б. Үздік аттестат иегері болды.

2009-2010 оқу жылында Сарсенова Қымбат үздік аттестат иегері болды.

2011-2012 оқу жылында «Алтын белгіге» Отарбаев Жеңіс бітірді.

2016-2017 оқу жылында Ысқақова Ақниет, үздік аттестатпен Мұстафина Жансая  бітірді.

2017-2018 оқу жылында «Алтын белгіге» Жұмағұл Есбол, Бергенова Фатима, 2019-2020 оқу жылында Кәрібекова Гүлбақыт, 2020-2021 оқу жылында Ділдаш Ерке, Жиенбекова Аружан, үздік аттестатпен Ондыбаева Айтолқын бітірді.

«О.Әлібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2006 жылы типтік жобадағы үш қабатты 464 оқушыға арналған ғимаратқа көшірілді. Қазіргі таңда 2020-2021 оқу жылында «О.Әлібаев атындағы жалпы білім беретін» КММ-де 307 оқушы білім алып, 44 мұғалім еңбек етті. Мұғалімдердің санатына тоқталатын болсақ, жоғары санатты педагог –зерттеуші 5 мұғалім, І санатты  педагог- сарапшы – 21 мұғалім, ІІ санатты педагог – модератор – 7 мұғалім, санаты жоқ – 11 мұғалім, 1 магистр, 1 тәлімгер қызмет етеді. 19 сынып комплектісі, 1 даярлық тобы бар.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мектебімізде 6 жас мамандар қызмет атқаруда. Мектеп директоры қызметін Алин Досбол Ғалымұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбікенов Нығымет, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Желибаева Назира Берікбайқызы, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары Мамина Алма Ибратаевна атқарып отыр.