Атасу кенті, Қазақстанның 40 жылдығы көшесі, 61
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 244
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 385
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда59491
Бір айда5061
Бір аптада917
Кеше84
Тәулік2
Мектеп туралы

            

Мектеп тарихы 1928 жылдан басталады. Алғаш Ақтау өңірінде Жартас жеті жылдық қазақ мектебі болып ашылды. 1929 жылы аудан құрылған кезде орталыққа көшіріліп, Ленин атындағы қазақ орта мектебі болып өзгертіліп, аудан орталығындағы алғашқы қазақ мектебі ретінде қайта ашылды. Демек, мектептің құрылуы 1929 жылдан басталады. Мектеп директоры Төлеу Жұмақанов, оқу ісінің меңгерушісі Оразалы Жұмабеков басқарған Жартас мектебі Ақмола уезіндегі мақтаулы білім ұясында айналды.

 Мектеп 1993 жылы №1 қазақ орта мектебі болып өзгертілсе, 2003 жылдан бастап мектептің алғашқы басшыларының бірі Оразалы Жұмабеков атымен аталды.

Мектеп директоры: Рахимов Рысқали Серікбайұлы - жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 30 жыл

Жалпы мектепте: 1036 оқушы және 105 бала даярлық тобында оқып отыр.

Сыныптар саны-47

Жоғары сыныптар-6

Негізгі сыныптар-21

Бастауыш сыныптар-20+5 даярлық және 4 шағын орталық

Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді.

 

О.Жұмабеков атындағы орта мектебі типтік жобамен 1980 жылы 642 балаға арналып салынған, екі қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимарат қабырғасы қызыл кірпішпен қаланып, силикат кірпішпен қапталған. Терезелерді үлкен, сынып бөлмелері жарық. Мектептік типтік жобасы өзгертіліп, қосымша бөлмелер салынған. Салынған бөлмелерде кітапхана, сынып бөлмелері, оқушыларға арналған киім ілгіш бөлмесі бар. Мектеп ғимаратының жалпы ауданы  4853 шаршы метр, жұмыс алаңы 3200 шаршы метр. Мектепте 24 сынып бөлмесі бар, сонымен қатар:

- 120 орындық жиын залы бар

-80 орындық асхана жұмыс жасайды

-2 медициналық бөлме бар

-1 мектеп мұражайы

-2 компьютерлік кабинет

-1 мультимедия кабинет

-10 интерактивті тақтамен жабдықталған сынып бөлмелері

-1 үй тұрмысын оқыту кабинеті

-1 шеберхана /құрал-саймандар толық емес/

-спорт зал

-алғашқы әскери дайындық

-кітапхана

-жалпы қоры-28261

-ғылыми-көркем әдебиет пен әдістемелік әдебиеттер саны -13800

-оқулықтар-37616