Атасу кенті, Мектеп көшесі, 43
2-75-42, 2-81-09
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 244
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 385
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда59491
Бір айда5061
Бір аптада917
Кеше84
Тәулік2
Дұрыс тамақтану

Б.Амалбеков атындағы ЖОББ(РО) мектебінде асхана жұмысы туралы ақпарат

Дұрыс тамақтануhttps://zhanaarka.gov.kz/loader/fromorg/12/269

    Мектеп асханасында  2015 жылдан бастап  ИП «Меруерт» пен Жаңаарқа аудандық «Мемлекеттік активтер мен сатып алу» мемлекеттік мекемесі арасында  келісім шарт арқылы жұмыс істейді. Асханада  1 аспаз және 2 көмекшісі жұмыс істейді. Қызметшілерінің барлығыда міндетті профилактикалық дәрігерлік байқауының нұсқаулығына сәйкес медициналық тексерістен мезгілінде өтуде.

       Асханада  аз қамтылған, көп балалы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  отбастары балаларына бір мезгіл ыстық тамақ 32 оқушыға беріледі.  Тамақ І және ІІ ауысымда беріледі.Күнсайын мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілген кесте бойынша кезекшілік ұйымдастырылған.Тексеріс жұмыстарына арнайы мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің төрәйімі бірлескен бракераж комиссиясы басшылық етеді.Асханада тамақтануды  ұйымдастыру туралы бракераж комиссиясының актісі  бір айда екі рет жасалынады.Облыстық СЭС басқармасымен келісіліп құрастырылған және  мектеп директорыменбекіткен  апталық ас мәзірі бойынша ас әзірленеді. Күнделікті сынама тәуліктік тоңазытқышқа қойылып тұрады.

       Буфет тағамдарымен   мектептін 880 оқушысы мен мектепалды даярлық, шағын орталық тәрбиеленушілері қамтылуда. Буфет тағамдары  әр түрлі, сапасы ұдайы тексеріліп тұрады.

       Тез бұзылатын тағам түрін сақталуы қатаң бақылауда,  өнімдерінің дұрыс сақталу үшін  берілген тоңазытқыш жұмыс істеп тұр.Тағам өнімдерін күнделікті әкеліп тұрады, СанПИН нормаларына сәйкес сертификаттары жинақталған.

    Асхана тазалығын мектеп медбикесі қатаң қадағалауда. Ас бөлмесінің санитарлық –гигиеналық жағдайы барлық талаптарға сай, ыдыс –аяқтары уақытылы және таза жуылады, дезинфекциялық заттармен ас ішетін, ас әзірлейтін бөлмелердің, үстел беттерін 1% хлорамин ертіндісімен сүртіледі. Асханада «Аспазшы бұрышы», «Ас мәзірі»  стенділері  ілініп  тұр.

        Мектеп мұғалімдері мен оқушылары  асхана  тағамдарының  көптеген  түрлері  мен  сапасына, дәмділігіне  үнемі  асхана  жұмыскерлеріне ризашылығын  және  жақсы лебіздерін  білдіреді.

 

Директордің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтжанова А.Х.