Атасу кенті, Ә.Оспанова көшесі, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 261
жаман - 51
жақсы - 37
жай ғана - 35
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 406
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда63961
Бір айда4804
Бір аптада2274
Кеше195
Тәулік40
Рухани жаңғыру идеясының тарихи мәні
28-10-2020 12:15

«Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – ұлттың, аймақтың немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы».
Н.Назарбаев.

Рухани жаңғыру, яғни, кез келген қоғамның, ұлт болмысының мәдени дамуы мемлекеттің рухани өміріндегі қоғамдық сана түрлерінің заман талабына сай жетілуі арқылы көрінеді. Қоғамдық сана дегеніміз мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында, ұлттың тұлғалануында ұлттық мүддені қалыптастыру, қорғау және нығайтуда мәдени құбылысқа айналып отыратын тәжірибелер мен білімдердің, рухани – әлеуметтік құндылықтардың жиынтығы.
Мемлекетті қалыптастыру мен дамытуда, ерекше құбылысқа ие қоғамдық сананың тарихи формалары тіл, мәдениет, тарих, дін, өнер, дәстүр, ғылым, білім, экономика, құқық, сая-сат және т.б. Философия тарихында ірі ойшылдардың ілімдерінде зерделенгендей, жеке адам өзінің рухани қалыптасуында мемлекет азаматына айналуы үшін қоғамдық сананың барлық формаларын толық меңгеру тиіс. Егер, бұлардың барлығы жеке адамның танымында, қоғамдық ортада өмір сүретін болса қоғам тегістей дамиды. Қоғамдық ортада әділеттілік, шынайылық дәстүр, білімді, өнерді кәсіп ету қоғамның ұстанымына айналады. Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды».

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық сана мәселесі мемлекет алдына қойылған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, адамзат өркениетінің бағыты өзгерген сайын ұлттық сананың да өрісін кеңейту мәселесі қоғамға жүктелуде. Бірақ, адам болмысындағы ұлттық сана өнімі болып (ұлттық сана деңгейіндегі) саналатын қасиеттер жойылмайды, тек адамның кісілік және тұлғалық деңгейіне жүктеліп отыратын міндеттер жаңа уақыттың талаптарына сай өзгеріп отыруы мүмкін. Осындай жаңа уақыт жағдайында, адамзат әлемінде дамудың (ғылыми техникалық, ақпараттық, технология) жаңа дүниелері ұлттық санаға жаңа мәселелерді ұсынып, жаңа міндеттерді жүктеп отырады.
Қазіргі таңда ұлттық мүддеге күш беретін, оны сақтап отыратын жаңа дүниелерді меңгеру, меңгеру жолында қоғамға қайшы келетін нәрселерді күні бұрын ажырата білу бүгінгі қоғамның ұлттық санасының айшықты белгілерінің біріне айналуы тиіс мәселелердің бірі.