Атасу кенті, Ә.Оспанова көшесі, 36
2-70-91, 2-67-02, 26059
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 244
жаман - 48
жақсы - 37
жай ғана - 34
жауап беруге қиналамын - 22
Барлығы дауыс берді: 385
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда59491
Бір айда5061
Бір аптада917
Кеше84
Тәулік2
"Мектепке жол" акциясы
28-10-2020 11:00

Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББ  мектебіндегі   01 тамыз – 30 қыркүйек 2020 жыл аралығында жүргізілген «Мектепке жол» акциясының

қорытындысы

            Мектебімізде  01.08.2020 жылғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

 Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша  балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында  ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді.

 Өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылды. Жеке кәсіпкерлер мен ауылымыздың белсенді азаматтарына үндеу хаттар жіберілді. Мектептің комиссия мүшелері және барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.

 Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балалар мен мигранттарды анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды.

         Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары, меценаттармен әріптестік қарым – қатынас орнатылды Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған ауданымыздағы жеке кәсіпкерлер көмектерін көрсетті.

Таратылған үндеу хаттарымызға жауап ретінде «Айбат», «Бөбек», «Сара», «Мүбарак», «Әлем», «Сәлем», «Жібек жолы», «Гүлмира» дүкенінің иелері  демеушілік жасады.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық ретінде оқулықпен қамтамасыз етілді.

Акция туралы көрнекті ақпарат тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Ауыл азаматы Төлеуов Ғалымжан  азқамтылған отбасының баласы 3А сынып оқушысы Талғатқызы Бағдатқа мектеп формасы мен спорттық киім және азық-түлікпен,  сумка мен оқу құралдарын алып беріп, демеушілік көрсетті.

 Тамыз айының 16-22 аралығында  жеке кәсіпкер «Әлем» дүкенінің иесі 2Б сынып оқушысы  Мамутов Ерсұлтанға  мектеп формасын алып беріп, көмек көрсетті.

         Үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес құрылымдары акцияға қатысуға тарту жұмыстары жалғастырылуда.

Аудандық білім бөліміне қыстық киімге 31 оқушыға сұраныс жіберілсе, кеңсе тоуарларына 40 оқушыға сұраныс берілді. Пандемияға байланысты қашықтықтан оқып жатқан оқушыларға уақытша пайдалануға 42 компьютерге сұраныс берілді.

Аталған оқушылардың үйіне сынып жетекшілеімен бірге барып акт жасалды.

    Жалпы мектеп бойынша акция кезінде 34  оқушыға  301510 000 (үш жүз бір мың бес жүз он ) теңге көлемінде көмек көрсетілді.